Прямая трансляция

Астана

Астана

27.58°C

Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанды

Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов пен оның жары Айнамкөз Әбдімаева төртінші рет ата-ана атанды, деп хабарлайды paryz.kz.

Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанды
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл қуанышты жаңалықты әнші өз Instagram желісіндегі Stories-те бөлісті.

Перзентханада түсірілген видеода Серік Ибрагимов жары мен жаңа туған нәрестесінің қасында тұрып, төрт саусағын көрсету арқылы шаңырағында төртінші перзенттің дүниеге келгенін меңзеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.