Прямая трансляция

Астана

Астана

29.37°C

«Жылаймын, жүрегімдесің»: Дариға Бадықова күтпеген жазба жариялады

Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова өзі түсірген "Соңыра" фильмін алғашқылардың бірі болып көріп, алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жылаймын, жүрегімдесің»: Дариға Бадықова күтпеген жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында фильмді көргеннен кейін эмоциясын жасыра алмағанын айтып, көз жасына ерік бергенін жеткізді.

«Жылаймын, жылаймын. Бұл фильмнің тезірек жарыққа шығып, сіздермен қауышқанын асыға күтіп жүрмін. Өйткені сценарийі де, драматургиясы да өте мықты. Әр кейіпкердің тағдыры, әр диалогтың салмағы бар. Жүрегімдесің, "Соңыра"!» – деп жазды Дариға Бадықова.

. Айта кетейік, продюсердің жаңа туындысы әзірге көрерменге ұсынылған жоқ. Бадықованың айтуынша, фильм жақын уақытта көрерменмен қауышады.