Прямая трансляция

Астана

Астана

28.23°C

"Балаларымды ешқашан тастамаймын": Айым Сейітметованың күйеуі жазба жариялады

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейітметованың күйеуі Талғат Итаев әлеуметтік желіде ажырасуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

"Балаларымды ешқашан тастамаймын": Айым Сейітметованың күйеуі жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Кәсіпкер Instagram-парақшасында қыздарымен бірге түскен суретін жариялап, қандай жағдай болса да, балалары оның өміріндегі ең қымбат жандар болып қала беретінін айтты.

"Олар мен үшін әрдайым ең қымбат жандар болып қала береді", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Талғат Итаев желі қолданушыларын өзгенің сөзіне немесе түрлі тұспалдарға сүйеніп, асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

"Бар шындықты білмей тұрып, адам туралы жаман сөз айтудың қажеті жоқ. Мен бұл жағдайды әлі де көпшілік алдында талқылағым келмейді. Мұндай мәселелер отбасы ішінде шешіліп, сол жерде талқылануы керек деп есептеймін", – деп жазды кәсіпкер.