Прямая трансляция

Астана

Астана

26.64°C

«Нұрлан қайда?»: Әйгерім Қалаубаева Нұрболат Абдуллинмен көзге түсті

Желіде әнші Әйгерім Қалаубаеваның Нұрболатпен бірге түскен видеосы қызу талқыланып жатыр. Көпшілік өнер иесінің бұрынғы сахналық серіктесі Нұрлан Әлімжановты еске алып, түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Нұрлан қайда?»: Әйгерім Қалаубаева Нұрболат Абдуллинмен көзге түсті
Фото: видиодан скриншот

Видеоны әлеуметтік желідегі парақшалардың бірі жариялаған. Кадрда әншінің Нұрлотат Абдуллинмен вальс билеген сәті көрсетілген.

Желі қолданушылары бұл көрініске бейжай қарамай, пікірлерін жаудырды. 

"Көзіміз Нұрланға үйреніп қалып еді", "Нұрлан қайда?", "Екеуі жарасып тұр", "Бақытты болсын", "Бұл жай ғана кездесу шығар" деген сарындағы пікірлер жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін көрермендер Әйгерім Қалаубаеваны әнші Нұрлан Әлімжановпен бірге жиі көріп, олардың шығармашылық тандемін жоғары бағалап келген еді.

Ал жаңа видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.