Прямая трансляция

Астана

Астана

25.14°C

«Көзіне шөп салған»: Актриса Айым Сейітметова ажырасуға өтініш бергенін айтты

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өміріне қатысты мәлімдеме жасап, күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Көзіне шөп салған»: Актриса Айым Сейітметова ажырасуға өтініш бергенін айтты
Фото: видиодан скриншот

Айтуынша, ол ажырасу туралы өтінішті ХҚКО арқылы онлайн рәсімдеуге тырысқан. Алайда өтініші қабылданбаған.

Блогер бұл шешімге жолдасының көзіне шөп салуы себеп болғанын жеткізді.

«Физикалық түрде шөп салу – эмоционалды опасыздықтың жанында түк емес. Жігіттер, аманаттарыңызды бағалаңыздар және сүйіктілеріңізді ешқашан сатпаңыздар», – деп жазды Айым Сейітметова.

Айта кетейік, Айым Сейітметова – актер Азат Сейітметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Ол қазіргі таңда бір қыз тәрбиелеп отыр.