Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен оқырмандарын ойға қалдырды, деп хабарлайды paryz.kz.
Актриса бұл жолы ер мен әйел арасындағы қарым-қатынаста сезімнің біртіндеп суып, немқұрайлықтың белең алуы туралы әсерлі ойымен бөлісті.
Жазбасында ол сезімнің бір сәтте жоғалмайтынын, керісінше, айтылмаған сөздер мен қойылмаған сұрақтардың салдарынан алыстай бастайтынын астарлы түрде жеткізген.
Сондай-ақ күнделікті қамқорлық пен жанашырлықтың азаюы адамдарды бір-бірінен алыстататынын меңзеп, «Бізді бұл күйге түсірген тіршілік пе, әлде тұрмыс па? Немқұрайлық... Құтқара аламыз ба?» деген сауал тастаған. Актрисаның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның көңіл күйіне алаңдаушылық білдірді.