Прямая трансляция

Астана

Астана

28°C

"Өте ерекше құрмет болды": Тамара Асар Президенттен алған құттықтауы туралы айтты

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніне орай арнайы құттықтау алғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

"Өте ерекше құрмет болды": Тамара Асар Президенттен алған құттықтауы туралы айтты
Ақорда

Өнер иесінің сөзінше, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстаған.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлынан туған күніме, мерейлі жасыма арналған арнайы құттықтау хаттамасын алдым. Оны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет көрсетілді. Шын жүректен өз атымнан және отбасымның атынан Президентке алғысымды білдіремін. Ардақты ағайын! Кеше түннен бері гүл мен сыйлыққа бөленіп, ыстық тілектер қабылдап жатырмын. Құттықтап жатқан баршаңызға үлкен рақмет", – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Тамара Асардың депутаттыққа үміткер болуы қоғамда қызу талқыланған болатын.