Прямая трансляция

Астана

Астана

30.14°C

«Құдалардың батасын алдық»: Динара Сәтжан отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады

Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниалдың сырға салу рәсімі өткенін хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Құдалардың батасын алдық»: Динара Сәтжан отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Тележүргізуші Айнұрды төрт жылдан бері танитынын, ұлы Даниал әскерде жүрген кезде екеуінің бірге барып, қолдау көрсеткенін жазды.

Сол уақыттан бастап болашақ келінінің ұлына сенімді серік әрі тірек болатынына көзі жеткенін атап өтті. Сәтжанның айтуынша, сырға салу – қазақ халқының тағылымға толы, отбасы құру жолындағы маңызды дәстүрлерінің бірі.

Сондай-ақ олар құдаларымен жүздесіп, ақ батасын алған. Тележүргізуші енді ұлының үлкен тойына дайындық басталғанын айтып, алдағы қуанышты ерекше ықыласпен күтіп жүргенін жеткізді.