Прямая трансляция

Астана

Астана

27.83°C

«Асқар тауымнан айырылдым»: Дархан Мұсаев қаралы хабарды жеткізді

Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің өмірден өткенін хабарлап, көпшілікті тебіренткен жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Асқар тауымнан айырылдым»: Дархан Мұсаев қаралы хабарды жеткізді
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі бұл күннің өзі үшін өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болғанын айтып, әкесіне деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.

«Әкем бұл дүниемен қоштасты. Бұл қасіретті сөзді жазудың өзі қандай ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорғап жүрген асқар тауымнан айырылдым. Алланың жазуына разымыз. "Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз"», – деп жазды Дархан Мұсаев.

Сондай-ақ актер желі қолданушыларынан марқұмның рухына дұға бағыштауды сұрады.

«Баршаңыздан әкемнің рухына дұға жасауларыңызды сұраймын. Алла Тағала күнәларын кешіріп, қабірін кең етіп, нұрға бөлесін. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін. Әке, Алла сізді рақымына бөлесін. Сізді ешқашан ұмытпаймыз», – деді өнер иесі.