Қазақстандық дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев SCAT әуекомпаниясының рейсі ұзақ уақытқа кешігуіне байланысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында әуежайдан видео жариялап, жолаушылардың бірнеше сағат бойы рейс туралы нақты ақпарат ала алмай отырғанын айтты.
Әншінің сөзінше, әуекомпания өкілдері жолаушылардың алдына шығып, кешігудің себебін түсіндірмеген.
Сондай-ақ ол әуежайда балалар мен егде жастағы адамдарды қоса алғанда, көптеген жолаушының ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болғанын жеткізді.