Прямая трансляция

Астана

Астана

22.66°C

«Көтергенін менен артық білетін жан жоқ»: Жігер Ауыпбаев жұбайына қатысты қауесетке жауап берді

Жақында өзінен 15 жас кіші арумен шаңырақ көтерген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде жұбайының жүкті екені туралы тараған қауесетке жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Көтергенін менен артық білетін жан жоқ»: Жігер Ауыпбаев жұбайына қатысты қауесетке жауап берді
Коллаж: paryz.kz

Өнер иесі Instagram-дағы Stories бөлімінде Threads желісінде өз отбасына қатысты тарап жатқан ақпаратқа пікір білдіріп, әзірге мұндай қуанышты жаңалықтың жоқ екенін айтты.

«Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге жетейік. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын», – деп жазды әнші.