Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Арсенді 30 жасқа толуымен құттықтап, оған жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды paryz.kz.
"Бүгін сен 30 жасқа толдың! Алдағы 30 жылыңда армандарыңды жоспарлап, олардың барлығын жүзеге асыруыңа тілектеспін. Армандарыңа сеніммен қадам басып, үнемі дамып, жүрегіңдегі мейірімді сақтап өтетініңе сенемін. Өйткені сен – махаббатпен дүниеге келген жансың. Сені мақтан тұтамын, жақсы көремін", – деп жазды Ляйсира Марат.