Әнші Мөлдер Әуелбекова әлеуметтік желіде үйін су басқанын айтып, оқырмандарынан қолдау сұрады, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесінің айтуынша, жуырда ғана жөнделген баспанасының едені мен жиһаздары жарамсыз күйге түскен. Соған байланысты үйде қайта жөндеу жұмыстарын бастауға тура келген.
«Үйімді су басты. Полдың бәрі су болды, паркетті толық алып тастадық. Жиһаздарды шығарып жатырмыз. Жатын бөлмені де қайтадан жөндеуге кірістік. Бәрін қайтадан нөлден бастауға тура келіп отыр. Сабыр берсін деп тілеп қойыңыздар. Жап-жаңа үйіміз осындай күйге түсті. Бірақ әр істің қайыры бар деп қабылдап отырмыз», – деді әнші.
Желі қолданушылары пікір қалдырып, әншіге қолдау білдірді. Олардың арасында жағдайдың себебін сұрағандар да, түрлі көзқарасын білдіргендер де болды.