Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева Түркияның Алания қаласынан жаңа пәтер алғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Өнер иесінің таңдауы туристер жиі баратын Махмутлар ауданындағы Kingdom Premium тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі пәтерге түскен. Бес блоктан тұратын бұл кешен өңірдегі заманауи әрі жайлы тұрғын үйлердің бірі ретінде танылады.
Ашық деректерге сәйкес, мұндағы пәтер бағасы шамамен 185 мың доллардан басталады. Әнші әлеуметтік желіде жаңа баспанасын қабылдап алуға келгенін айтып, кешеннің өзіне ерекше ұнағанын жеткізді.
«Бұған дейін макетін көрсеткен едім. Көпшілік бұл Аланиядағы ең үздік бизнес-класс тұрғын үй кешені дейді. Өзім де көптеген тұрғын үйдің фото, видеосын көрдім, бірақ Kingdom ерекше әсер қалдырды. Біз екінші қабатты таңдадық. Терезеден аквапарк көрінеді», – деді ол.
Сондай-ақ Алтынай Жорабаева тұрғын үй аумағында хамам, бассейн, супермаркет және тұрғындарға арналған өзге де қызмет түрлері қарастырылғанын атап өтті. Әншінің айтуынша, енді пәтерді толық жиһаздандыру жұмыстары басталады.