Прямая трансляция

Астана

Астана

20.66°C

«Алланың алдында арым таза»: Жігер Ауыпбаевтың әйелі жазба жариялады

Әнші Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші жары Мумина әлеуметтік желіде өзіне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Алланың алдында арым таза»: Жігер Ауыпбаевтың әйелі жазба жариялады
Фото: видиодан скриншот

Ол Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, түрлі қауесеттер мен желі қолданушыларының пікірлеріне қатысты ойын білдірген. 

«Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! “Жүкті болып тұрмысқа шыққан” деген секілді сөздерге бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қалай толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Мумина өздеріне жылы лебіз білдіріп, шынайы қолдау көрсетіп жатқан оқырмандарына алғыс айтты.