Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

«Жасыратын ештеңе қалмады»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен үйленетін болды

Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жасыратын ештеңе қалмады»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен үйленетін болды
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі бұл жаңалықты Instagram желісінде бөлісіп, ұзақ уақыт бойы видеоны жариялау туралы ойланғанын жазған.

«Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым... Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші сүйіктісіне арнап өлең жолдарын арнаған.

«Сендей сұлу болмайды екен маралым, Нұрлы бақта өскен гүл. Судан таза, сүттен аппақ адалым, Құшағыма қош келдің!» – деп жазған Жігер Ауыпбаев. Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жаудырған.