Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі үйінің маңынан күмән тудырған заттар табылғанын айтып, мұндай жағдайдың бір жылдан бері қайталанып келе жатқанын жеткізді.
Әншінің сөзінше, бұл әрекеттердің артында кім тұрғанын нақты атамағанымен, ішкі түйсігімен сезетінін жасырмады.
«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына жағдайды кеше тағы байқадық. Бір жылдан бері жалғасып келеді. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан қорықпайсыздар ма? Мұның бәрін кім жасап жүргенін де сезіп отырмын. Бірақ атын атап, түсін түстегім келмейді. 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, сабырға шақырған пікірлер қалдырған.