Прямая трансляция

Астана

Астана

31.8°C

«Өз шындығым бар»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы оқырмандарына ақталды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы желідегі парақшасында жазба жариялап, өзін сынайтындарға тағы да жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Өз шындығым бар»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы оқырмандарына ақталды
Фото: әлеуметтік желіден

Ол өзінің ауылда туып, қазақы тәрбиені бойына сіңіріп өскенін айтып, жеке өміріне қатысты түрлі пікірлерге жауап бергендей болды.

«Аспаннан аяғым салбырап түскенім жоқ. Ауылда тудым, ауылда өстім. Үлкендердің көзін көрдім. Салт-дәстүр, қазақылық, бітпейтін тірлік бәрін көріп, жасап өстім. Еш зияны тиген жоқ. Көпті көрдім. Шүкір. Менің өмір тек менің тағдырым. Бәрі сіз ойлағандай дайынға келген немесе ақсаусақ дегендей емес. Әр жанның өз шындығы бар. Маған салса Швейцарияда тұрар едім. Сондықтан асылық танытпаңыз», – деп жазды ол.

Жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның бұл сөзін жеке өміріне қатысты сын-пікірлерге берілген жауап ретінде қабылдады.