Әнші Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты оқырмандарынан кешірім сұрап, түсіністік танытуды өтінді, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның айтуынша, көпшіліктің талқысына түскен жазбасы ауыр эмоциялық күйде, қатты қорқыныш пен ашудың әсерінен жарияланған.
«Қатты эмоцияға беріліп, бір өлім аузынан қалған сәтте айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын. Ол сөздер расымен саналы түрде емес, қатты қорқып, ашуланғаннан жазылды. Кешіріммен қарап, түсіністік танытуларыңызды сұраймын», – деп жазды Фариза Жұманова.
Еске салайық, бұған дейін ол жеке парақшасында Шымкент қаласындағы көлік жүргізушісінің суретін жариялап, жолда апатты жағдайға тап бола жаздағанын мәлімдеген еді.
Осы жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер туғызған болатын. Кейіннен Фариза Жұманова эмоцияға беріліп әрекет еткенін мойындап, көпшілікке ресми түрде кешірім сұрады.