Прямая трансляция

Астана

Астана

24.35°C

«Еңбекақыларын ала алмай жүр»: Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанованың басы дауға қалды

Алматыда ағылшын тілін оқытамыз деп онлайн курс сатқан «Талпын» академиясына қатысты жүздеген адам шағым түсірді. Курсқа ақша төлеген азаматтардың айтуынша, сабақтар бір айдан кейін тоқтап қалған, деп хабарлайды paryz.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Еңбекақыларын ала алмай жүр»: Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанованың басы дауға қалды
Коллаж: sn.kz

Жәбірленушілердің бірі Сәуле Құсбекова танымал өнер адамдарының жарнамасына сеніп, қызына алты айлық курс үшін 420 мың теңге төлегенін айтады.

«Бір ай ғана сабақ өтті. Кейін оқу тоқтап қалды. Хабарласқанымызбен, нақты жауап ала алмадық», – дейді ол. 

Академияда жұмыс істеген 50-ден астам мұғалім де жалақыларын ала алмай жүргендерін мәлімдеген. Орталықты жарнамалағандардың қатарында әншілер Айгүл Иманбаева, Жанар Айжанова және Еркебұлан Тоқтар бар. Алайда олар академия жұмысына қатысы жоқ екенін айтып, өз наразылықтарын білдірген.

Ал академия өкілдері қаржылық қиындықтарға байланысты оқу процесі тоқтағанын растады. Компания клиенттерге ақшаны қайтаруға немесе оқуды жалғастыруға уәде берген.

Дегенмен, бұған сенбеген азаматтар полицияға жаппай арыз түсірген. Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта «Талпын» академиясынан зардап шеккендердің саны 300-ге жуықтаған. Тергеу жалғасып жатыр.