Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Алтынай Жорабаева өзін құшақтап суретке түскісі келген ер адамға ескерту жасады

Танымал әнші Алтынай Жорабаева тойда өзін құшақтап суретке түскісі келген ер адамның әрекетіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алтынай Жорабаева өзін құшақтап суретке түскісі келген ер адамға ескерту жасады
Фото: видиодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші көпшілікке қарата өз пікірін ашық айтып, жеке шекара мен әдеп мәселесін көтерген.

«Әрқайсыңыз келіп құшақтай бересіздер. Құшақтамай да суретке түсуге болады ғой. Еркектердің әрқайсысы келіп мені құшақтайды. Сіздердің әйелдеріңізді көрінген еркек осылай құшақтай берсе, ұнай ма? Айтып тұрғаным дұрыс па?», дейді әнші тойда өзімен суретке түскен ер адамдарға.