Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

«Тірі еркек алып келмедің бе?»: Мақпал Жүнісова концертте сөзі талқыға түсті

Әнші Мақпал Жүнісованың концертіндегі көңілді сәт желіде тарап жатыр. Концерт барысында актер Жанатбек әншіге үлкен ақ аю сыйлаған. Мұндай тосын сыйды көрген Мақпал Жүнісова алғашында таңғалып қалғанымен, артынша әзілімен жұртты күлкіге бөледі, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Тірі еркек алып келмедің бе?»: Мақпал Жүнісова концертте сөзі талқыға түсті
Фото: әлеуметтік желіден

«Байың жоқ, осыны құшақтап жат дегің келіп тұр ғой. Бұны бергенше тірі еркек алып келмедің бе?», — деп қағытты Мақпал Жүнісова.

Көрермендер әншінің шынайылығы мен әзілқой тапқыр мінезіне тәнті болған. 

«Мақпал апайымыздың концертіне қош келдіңіздер. Апайымыздың өзі де, өмірі де, құшағы да гүл. Елдің нағыз еркесі, халықтың қалаулысы», — деді актер Жанатбек Байтеков.