Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Өскемендегі жол полициясы қызметкерлеріне қатысты ренішін білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Мақпал Жүнісова Шығыс Қазақстанға бүгін гастрольдік сапармен барған.
Әншінің айтуынша, мінген көлігін тәртіп сақшылары тоқтатып, біраз уақыт жібермей, айыппұл салған. Осы оқиғаға байланысты өнер иесі әлеуметтік желіде пікір қалдырды:
«Мен шықтым, амандастым, пысқырған да жоқ. Әй, еркектер-ай!» – деп жазды ол.