Әнші әрі актер Ермахан Аймахан жұбайы Раушан Құдайбергенге арнап жаңа романтикалық әнінің үзіндісін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жары Раушанмен бірге түскен әсерлі видеомен бөліскен. Кадрларда ерлі-зайыпты жаңа ән әуенімен би билеп, көрермендерге жылы атмосфера сыйлаған.
Жаңа туынды "Тағдырыма кел" деп аталады. Әннің қысқа нұсқасы жарияланған сәттен-ақ тыңдармандардың қызығушылығын тудырып, желіде оң пікірлер көбейді.
Көпшілік композицияның нәзік көңіл күйін, орындаушының дауысын жоғары бағалап, толық нұсқасын асыға күтетінін жазуда.
Пікір қалдырғандар қатарында Димаш Құдайберген де бар. Ол жазба астына жүрек белгісін қалдырып, қолдау білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін Раушан Құдайберген жайлауда аттан құлап қалған сәтін көрсетіп, желіде талқыға түскен еді.