Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Димаш Құдайберген жақында халықаралық байқауда топ жарған әншінің продюсері атанды

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылық жолындағы жаңалығын бөлісті. Ол Voice Beyond Horizon жобасының жеңімпазы Нұржас Садырбаевың продюсері атанған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Димаш Құдайберген жақында халықаралық байқауда топ жарған әншінің продюсері атанды
Фото: әлеуметтік желіден

"Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы Voice Beyond Horizon жобасының алғашқы жеңімпазы – Нұржас Садырбаевты продюсері есебінде қарамағыма алдым. Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім.

Енді сол тәжірибеммен бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді! Осы жолдағы басты күшіміз – біздің қолдауымыз бен бірлігіміз", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagaram-дағы парақшасында.