Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

"Үйіміз ескі деп жылайтынмын": Жазира Байырбекова бала кезін еске алды

Танымал әнші Жазира Байырбекова балалық шағын есіне алды, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Үйіміз ескі деп жылайтынмын": Жазира Байырбекова бала кезін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Ол әкесі алған үйді "ескі" деп намыстанып жылайтынынын себебін түсіндірді.

"Менің ол жаратылысым ба, болмысым ба білмеймін. Мен кішкентай кезімнен әкеммен гастрольдік сапарда әр түрлі үйлерге барып қонақ болып жүрдім ғой. Сол көргеннен бе деймін. Мен барған әр үйде бізді өнер адамдары деп алақандарына салып күтіп жатқан кезде "мен ондай әдемі үйде тұрмасам, бұлар мені қалай құрметтеп жатыр деп ойлайтынмын". Мені құрметтеген адамдармен материалдық жағдайымды да, өнерімді де салыстыратынмын. Мен автобуспен мектепке бара жатып "ең болмағанда мынадай үйіміз болса ғой" деп армандайтынмын. Қазір де комфортты жақсы көремін", - деді өнер иесі.