Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келінінн су жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Өнер иесі бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, көлікті келінінің 26 жасқа толуына орай тарту еткен.
“Осындай қызды өсірген құда-құдағиға мың алғыс! Бағың бес елі болсын алтыным! Үбірлі-шүбірлі бол, аяулы ана, сүйікті жар болып бақытты бол! Ұлым екеуің қол ұстасып бірге жүр! Біз сені өте жақсы көреміз”, – деп жазды ақын.
Желі қолданушылары енесінің келініне деген құрметіне риза болып, тілектерін арнады.
"Құтты болсын", "Осындай ене бұйырсын", "Жұғысты болсын", "Қандай керемет ене", "Келінге көлік тұрмақ жылы сөз арнамайтын енелер бар", "Бағы бар екен", "Қуаныштымыз",– деп жазды көпшілік.