Жақында орамалын шешкен танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат өміріндегі өзгерістерге байланысты оқырмандарына үн қатты, деп хабарлайды paryz.kz.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтып отырған видеосын жариялады.
Ол жазбасында әркімнің өз жолы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл шешімін қолдап жатқан жандарға алғыс білдірді.
“Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатқан пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жанға көп рақмет”, – деп жазған ол.