Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Ер адамға аз сөйлеген жарасады – Димаш

Белгілі әнші Димаш Құдайберген сұхбатқа, шығармашылыққа және қазіргі замандағы музыканың рөліне қатысты көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

Ер адамға аз сөйлеген жарасады – Димаш
Фото: әлеуметтік желіден

Өнерпаз бұқаралық ақпарат құралдарында жиі сөйлеуге ұмтылмайтынын, себебі басты назарды өзінің музыкалық мансабын дамытуға аударатынын айтты.

Оның сөзінше, нағыз артист ең алдымен ән айтып, кәсіби тұрғыда үнемі шыңдалуы керек.

Мен сұхбат беруді аса ұната бермеймін. Ер адамға аз сөйлеген жарасады, – деді әнші Астанада өткен форумда. 

Димаш музыка өзі үшін жай ғана мамандық емес, өмірлік іс екенін атап өтті. Ол музыканы әртүрлі мәдениет пен елдерді біріктіретін құрал ретінде қарастырады.