Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

"Бақытты болу оңай емес": Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков мәлімдеме жасады

Танымал әзілкеш Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленді, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Бақытты болу оңай емес": Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің жаңа жары — актриса Ғалия Ұзақбаева. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында неке қию рәсімінен түсірілген фотоларды бөлісті. Ал Әбілмансұр Серіков өз парақшасында оқырмандарының құттықтау тілектеріне алғыс айтып, жазба жариялады.

«Егер бұл өмірде бақытты болу соншалықты оңай болса, бәлкім бәрі де бақытты болар ма еді... Айтқан барлық тілектеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын», — деп жазды актер. 

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікір білдірді. Бірі актерге бақыт тілесе, енді бірі сын пікірлерін де жасырмады.

«Дұрыс айтасың, бақытты болыңдар! Жұбайыңызбен бірге бір жастықта қартая беріңіздер», «Әр гүлге бір қонып жүргендей көрінесің», «Актер ретінде жақсы көремін, бірақ ер-азамат ретінде әлсіз екенсің», «Енді төртінші рет бақыт іздеме. Өмір — тек бақыттан емес, бақытты сәттерден тұрады», — деп жазды желі қолданушылары.