Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан алғаш рет эфирге енесі Жақсыгүл Жанықұловамен бірге шықты, деп хабарлайды paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.
Енесі мен келіні "Жібек Жолы" арнасына сұхбат берді.
"Көпшілік Динара екеумізді ұқсатады. Динараға ризамын, балаларының қызығын көрсін, қосағымен қоса ағарсын. Динара ішіндегісін жасыра алмайды, бәрін ашық айтқысы келеді, ақкөңіл. Әйел, ана болған соң сабыр сақтап, жолдасын сыйлау керек. Төзімділіктің арқасында осындай жағдайға жетіп отырмын", - деді Жақсыгүл Жанықұлова. Динара Сәтжан сұхбат барысында енесі екеуінің арасында болған диалогты айтып берді.