Әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстанның екі қаласында – Алматы мен Астанада концерті өтетінін хабарлады, деп жазады paryz.kz.
Айта кетелік, өткен аптада билет сататын сервис танымал испаниялық әнші Энрике Иглесиастың Қазақстанда концерт беретінін хабарлаған еді.
Алайда сол кезде әншінің өзі бұл ақпаратты растамады. Сондай-ақ концерттің нақты өтетін күні мен орны белгісіз болды. Бүгін Энрике Иглесиас өзінің Instagram-дағы аккаунтының stories бөлімінде 2026 жылы Қазақстанда өнер көрсететінін растады.
Әнші еліміздің екі мегаполисі – Астана мен Алматыда концерт беретінін мәлімдеді. Әншінің елордадағы концерті 3 қыркүйекте "Астана Аренада", Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.