Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елге қайталмай отыр: Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойды

Танымал әншілер Жанболат Бақытбеков пен Жазира Байырбекова Дубайда қалып қойғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Елге қайталмай отыр: Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойды
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иелері Біріккен Араб Әмірліктеріне демалыс мақсатында барған.

Алайда Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты елге оралу мүмкін болмай қалған.

Бұл туралы Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, көпшілікті алаңдамауға шақырды. 

Директке, WhatsApp-қа жазып жатқан туған-туыс, дос-жарандарға үлкен рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Алла қаласа, жақсы күнде жолығамыз. Ниеттеріңізге рақмет! – деді ол.