Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ән сапарларының бірінде "Арман алдамайды" әнін орындап, көзіне еріксіз жас алды, деп хабарлайды paryz.kz sadaq.kz-ке сілтеме жасап.
Әнші бейнежазбасын өзінің жеке парақшасында жариялап, жеке өмірінің еске түскенін айтты. Сахнада отырған әншінің ата-анасы да қызына қосылып жылап отырды.
"Әнде эмоция өмір сүреді екен. Сезім сиқыр. Қайдағы жоқты еске түсіріп", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінінің жан дүниесін түсініп, қолдау білдірді.
"Жыламаңыз, бақытты күніңіз көп болсын!", "Білдіртпейін десе де жүрек шіркін бағынбайды. Сізбен қосылып жыладық", "Баласының көзінен аққан жасқа ата-анасы шыдамайды", "Мен де еріксіз жыладым", "Бұл әнді сезінбей айту мүмкін емес", "Сіз де бақытты болуға лайықтысыз", "Дауысы керемет әнші",– деп жазды.
Ал, кейбір оқырман әншінің сахнада жылай беруін дұрыс емес деп бағалады.
"Осы әнді айтса жылап қала береді екен", "Жанды дауыста айтып жатырмын дегені ме?", "Неге сонша жылап тұр?", "Осы әнді айтқанда неге үнемі жылай береді? Әлде сағынасыз ба?", "Нені армандап жыладың, жалғыздықты енді сезінген сияқты ғой", "Ата-анасының алдында неге жылайды?", "Отбасылық өмірде бағы жанбағы жанына батты-ау", "Осы әнді айтпашы", "Сахнаға шығып жылау хайп үшін бе? Эмоцияларын шетелдің әншілері сияқты ұстасын", – деді көпшілік.