Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Күйеуге шығасың енді»: Тұсауын кестірген әншінің әрекеті қызу талқыға түсті

Әнші Гүлмира Ізбасқан бала күнінде жасалмаған тұсаукесер рәсімін есейген шағында өткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Күйеуге шығасың енді»: Тұсауын кестірген әншінің әрекеті қызу талқыға түсті
Фото: видиодан скриншот

«Ассалаумағалейкум. Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30 жастан асқан соң тұсау кескен қалай екен?! Мама, тәй-тәй демейсіздер ме?!» – деп әзілдеді әнші.

Рәсім кезінде ала жіп кесіліп, анасы қызына ақ батасын берді:

«2026 жылы саған табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол…» Ақ матаның үстімен жүріп, таңдау жасау керек болған сәтте Гүлмира барлық затты бірге алып, «Бұның бәрі – менің таңдауым» деп түсіндірді. Желі қолданушылары да қарап қалмады: «Күйеуге шығасың енді», «Қадамыңа нұр жаусын», «Сыңарыңды тауып, бақытты бол», - деп жазды көпшілік.