Әнші Динара Қырықбаева тойда өнер көрсеткен сәтінен желіде видео жариялады. Әнші сахнаға шықпағанына 15 жылдан асқанын мойындады, деп хабарлайды paryz.kz.
Бүгінгі таңда Динара Қырықбаева – әншілік өнерден алыстап кетсе де, желіде белсенді блогер. Алайда әншінің тыңдармандары өнер иесінен сахнаға қайта оралуды жиі сұрайды.
Жақында ол Жаңаөзенде тойда ән айтып, жиналған қонақтардың қошеметіне бөленіп қайтқан. Әнші Instagram желісінде тойдан видео жариялады.
Кадрлардан әншімен бірге суретке түскісі той қонақтарын және Динараның елдің қошеметіне бөленгенін көруге болады.
"Шынымды айтсам, сахнаға шықпағалы 15 жыл болды. Бүгін жұлдыз болып тұрмын", - деді әнші. Сондай-ақ өнер иесі желідегі оқырманына әсерлі жазба арнады. "Тойда ән айтып, жүрегім қуанышқа толды. Ұмытпай шақырғандарыңызға көп рақмет. Сахнаға шыққанымда өзімді шын мәнінде бақытты сезіндім, әнмен, қуанышпен есте қалатын керемет сәт болды ", - деп жазды Динара Қырықбаева.