Блогер Ырысбала Икрамбай бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында босану процесі қалай өткенін өзі баяндады, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
«Түнгі сағат 2-де ішім ауырып тұрдым. Тойып тамақ жеп алдым. Толғақ арасын санасам 10 минут, басылып қалатын шығар деп күтсем, күшейіп жатыр. Жуынып алдым, заттарымды дайындап уақытқа қарасам төрт болып жатыр...», — деп жазды блогер.
Оның айтуынша, ол үйдегілерді мазаламауды жөн көрген.
«Содан үйдегі машинасы барларды оятсам тұрмайды ешқайсы, кетсінші деп такси шақырып перзентханаға келдім. Клиникаға келе жатырмын деп хабарластым, күзетші көкем жолдан күтіп алып, палатаға алып барды. Дәрігер қарап түске дейін сәбиіңізді өмірге әкеліп қаласыз дейді, мен қоймаймын бесінші балам, өткен жылы ғана туғанмын, тез босанамын, келісілген дәрігерімді шақырыңыздар дедім». Кейін келісілген дәрігері келіп, толғақты жеңілдету жолын ұсынған.
«Келісілген дәрігерім келіп қарап, жанымда болды. Толғақтың ауырсынуын басу үшін ваннаға су толтырып жатуға болады екен, шли еркелемей-ақ қояйыншы дедім. 8:15-те өмірге сұлу ханшайым келді, барлығы артта қалды», - деп жазды блогер. Сондай-ақ, блогер сәбиіне қойылған есімді де жариялады.
«Таңертең ұйқыларынан тұрып біздің үйдің адамдары мені іздеген. Менде телефон палатада қалған, клиникаға звондап тауып артымнан келген. Есімін — РОМАН ҚЫЗЫ КАРИНА деп қойды әкесі, бірақ түрі Ырысбала деген атқа әбден жарасып тұр», - деп әзілдеді Ырысбала.