Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қара шаңыраққа келдім»: Қарт анасын көрсеткен Мақпал Жүнісова елдің ыстық ықыласына бөленді

Танымал әнші Мақпал Жүнісова қарт анасы мен отбасын көпшілікке көрсетіп, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Paryz.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Қара шаңыраққа келдім»: Қарт анасын көрсеткен Мақпал Жүнісова елдің ыстық ықыласына бөленді
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі туған жері – Қарағандыға арнайы барып, қара шаңырақтағы жылы сәттерін бөлісті. Әнші анасы мен жақындарын көрсете отырып, өңір тұрғындарына сәлем жолдады.

«Қарағандылықтарға сәлем! Қара шаңыраққа келіп, мәз болып отырмыз. Аман болыңыздар!» – деп жазды ол. 

Анасы қызын келген сайын құшақ жая қарсы алатынын айтты. 

"Мақпал Алматы, Астанада өскен қыз. Әкесі анда сүйреп, мұнда сүйреп әйтеуір өзінің өнеріменен халықтың алғысына бөленіп жүрген қыз. Келген сайын қызым ғой, құшақ жая қарсы аламыз. Өзі жылына 1-2 рет келеді", - деді қарт ана. 

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін арнауда.

"Анаңыз өте дұрыс айтады. 100 жасасын", "Қызы туралы қандай керемет қылып айтты", "Осы анасының арқасы бәрі", "Қызына риза болып отыр",- деп жазды оқырмандар.