Көптен көрінбей кеткен әнші Салтанат Бақаева боямасыз дауыста ән салып, әлеуметтік желі қолданушыларының таңдайын қақтырды, – деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның осы бір орындауына сүйсінген жұртшылық «нағыз талант!», «жанды дауыстың күші бөлек!» деп жоғары баға берді.
"Салтанат Бақаеваның дауысы бар әнді дұрыс жеткізіп орындайды", "Нағыз әнші деген осы ғой", "Құлағымның құрышы қанып қалды", – деп жазды желідегілер.