Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда бесінші сәбиін дүниеге әкеліп, бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz
«Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терім де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым. Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын», – деді актриса.