Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында қымбат әшекей-бұйымдарын көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол аяғы ауыр кезінде түрлі-түсті тастары бар әшекейлерге қызыққанын жасырмады.
"Ішің қандай болса, Алла сыртыңды да дәл солай жылтыратып қояды екен", - деді ол.
Сондай-ақ әнші танымал футболшы Криштиану Роналдудың қалыңдығына сыйлаған гауһар тасты жүзігін көрсетті.
"Менің бриллианттарым жай қиқым ғой. Роналдудың екі күн бұрын әйеліне сыыйлаған сақинасы әлемді таңғалдырып жатыр", - деп жазды Ерке.
Сөз соңында өнер иесі қазақ қыздары да барлық құрмет пен қошеметке лайық екенін жеткізді.