Тұрсынбек Қабатов тағы да желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әзілкештің концертіне барған көрермен Қабатовтың ұл-мен қыздары сахнаға шығып әкесіне гүл берген сәтін желіге жүктеген.
"Тұрсынбек Қабатовтың концерті өте жоғары деңгейде өтті. Ең әсерлі тұсы бірінші некесінен туған балаларының сахнаға шығып, әкесіне гүл беріп, бетінен сүйіп орындарына жайғасуы болды. Ештеңеге қарамастан балалардың әкесімен араласуы Мөлдірдің шешімі деп ойлаймын. Меніңше бұл өте дұрыс", - деп жазды ол.
Видеоға пікір жазғандардың бір бөлігі жұлдызды жұп ресми ажырасып кетті десе, енді бірі екеуінің әлі некеде екенін жазуда.