Белгілі әзілкеш, актриса және блогер Мереке Қалбаева Instagram парақшасында күйеуімен түскен барлық суреттерін өшіріп, әсерлі жазба қалдырды. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, алаңдаушылық тудырды, деп хабарлайды Paryz.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Мереке жазбасында өміріндегі қиын сәттермен бөлісіп, жеке өмірінде маңызды өзгерістер орын алғанын ишарамен жеткізді.
"Кейде сен мүлде қаламайтын нәрселер болады. Бірақ бәрібір қабылдайсың, әрі қарай өмір сүресің. Келесі аялдамаға жалғыз аттандым... Достарым, әзірге не болғанын ашып айтпай-ақ қояйын... Тек бір айтарым – мен кінәлімін. Шынымды айтсам, жылап отыратын уақыт та жоқ. Бірақ әйелдер көбіне жылағанда ғана жеңілдеп алады ғой. Мен болсам тіпті бақырамын. Түрден түр қалмады", – деп жазды ол.
Сонымен қатар, Мереке балалары үшін өмір сүретінін, қандай қиындық болса да олар үшін сынбауға тырысатынын жеткізді. "Балапандарым үшін өмір сүремін. Осылар үшін сынбай, ары қарай қимылдауым керек", – деп қорытындылады жазбасын.