Димаш Құдайберген биыл күзде Солтүстік Америка құрлығында ауқымды жеке концерттерін өткізеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол 5 қазанда Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden сахнасында өнер көрсетеді. Нью-Йорктегі кеште әнші өзінің "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынбақ.
Билеттер сатылымға шыққан бойда ерекше сұранысқа ие болып, әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналып жатыр.
Ал 8 қазанда Димаш Мексиканың астанасы Мехико қаласында, елдегі ең беделді және танымал концерт залдарының бірі Auditorio Nacional сахнасында жеке концертін өткізеді.
Латын Америкасындағы бұл өнер ордасы әлемдік жұлдыздардың бас қосар басты алаңдарының бірі саналады.