Танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта әлеуметтік желі мен сахнадан көрінбей кеткен еді. Желі қолданушылары оның бұл үнсіздігіне алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды Paryz.kz SN.kz-ке сілтеме жасап.
Жуырда әнші Instagram парақшасына жаңа видео жариялағанымен, көпшілік оның бұрынғы жарқыраған бейнесінен айырылып қалғанын байқады.
Кәмшаттың жүзі жүдеу, беті әжімденген, ал көзіндегі өмірлік от сөнгендей әсер қалдырды. Оның желіден көрінбей кеткен тұсында жұбайы Ғазреттің TikTok желісінде бейтаныс қыздармен әңгімелесіп отырған сәттері тарап кеткен болатын.
Бұл жайт та жанкүйерлердің түрлі күмәнді ойларына себеп болды. Кәмшаттың бұрынғы жарқын бейнесін сағынған желі қолданушылары пікірлерін қарша боратты:
– «Көзінде бұрынғы от жоқ, жанып тұрған қызды өшірді»,
– «Бетін әжім басып, қартайып кеткен бе»,
– «Әбіржігені бала туғаннан ба екен»,
– «Бұрынғы Кәмшатты көрмей тұрмын».
Бір кездері әрбір әні хитке айналатын, сахнадағы образы мен харизмасы арқылы көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Кәмшаттың бұл күйі оның жанкүйерлерін бей-жай қалдырмады.