Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Кәмшат Жолдыбаева жаңа образымен ел талқысына түсті

Танымал актриса Кәмшат Жолдыбаева хиджабын шешіп, тағы да елдің қызу талқысына түсті. Актриса өзінің жаңа образын желідегі парақшасында жариялады. Онда оның орамалы мен хиджабын шешкенін анық байқауға болады, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Кәмшат Жолдыбаева жаңа образымен ел талқысына түсті
фото: әлеуметтік желіден

"Мақсаттың ауқымдылығы біреуді шабыттандырса , біреуді керісінше кері шегіндіреді... Ал күнделікті кішкентай қадамдар өркендеуіміздің бірден бір жолы", деп жазды Жолдыбаева.

Желі қолданушылары актрисаның бұл әрекетін қызу талқылап жатыр. Олардың бірі оның күйеуімен ажырасты деп болжаса, енді бірі хиджабын шешкеніне қуанған.

"Апамыз орамалын шешіпті ғой", "Сұлусың, осылай көрініп тұршы", "Осылай еркін болып сұлулығыңызды паш етіп жарқырап жүріңіз", "Орамал таға салу, шеше салу сән ғой бұларға", "Орамалға келу бір күш, шешу де бір күш, біреуге оңай көрінгенмен", "Күйеуімен ажырасып кетпесе болғаны", - деді олар.