Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

«Келініміз емес қызымыз»: Сәкен Майғазиевтің әйелі су жаңа келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Қазақстанға белгілі әнші Сәкен Майғазиев жақында келін алып, ұлан-асыр той жасағалы жатыр. Қазір ел аузында жүрген тойдың нүктесі жақын уақытта қойылмақ, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Келініміз емес қызымыз»: Сәкен Майғазиевтің әйелі су жаңа келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады
фото: әлеуметтік желіден

Әншінің әйелі тойға дайындық барысын көрсетіп, су жаңа келінін көпшілікке таныстырды.

"Ақ келініміз Әдия босағамыздан аттап, ата-ене, ағайын-жұртқа сәлем салып,жүзін елге танытты. ⠀ Осы сәттен бастап ол – біздің келініміз ғана емес, біздің қызымыз. Қадамың құтты болсын, қызым! Ақ босағаң берекелі, отың мәңгі сөнбесін!", - деп жазды ол.