Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жақынла ғана екінші рет тұрмыс құрған еді. Өнер иесі бұйрабас күйеу баласының шашын тақырлап алып тастады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сәкен Қағаровтың ұзын әрі бұйра шаштары көпшілікке ұнамай, әбден сынаған болатын. Айжұлдыз Адайбекова өзінің парақшасында видео жариялап, хейтерлеріне жазба арнады. "Хейтерлер, сәлем! Армандар орындалады", - деді ол.
Желі қолданушылары Жанар ханымның бұл әрекетіне не қуанарын, не күлерін білмегендіктерін жазуда.
"Шашсыз да әп-әдемі екен ғой", "Рахаттанып қалдық", "Тақия кигізіп жіберсе енді қатып кетеді", "Әйтеуір алды-ау шашын", "Жанар апай, жарайсыз", "Жанар апайдың арманы орындалды"- деп жазды.