Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

«Әзілдемейтін болдым»: Нұржан Төлендиев келін алғалы қалай өзгергенін айтты

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев Kyzyk times бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Paryz.kz

«Әзілдемейтін болдым»: Нұржан Төлендиев келін алғалы қалай өзгергенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ол ұлы үйленіп, келін алғалы бері өзінің қалай тыйылғанын баяндады.

"Жақында екі дүркін ата атандым. Қызымнан немерем бар, ұлым үйленді. Бір қызыз айтып берейін. Енді бірінші рет келін түсірдім ғой. Ал мен ұйқыбаспын негізі. Таңертең ата деген ерте тұру керек қой негізі. Мен кешкі сағат 5 те тұрғанмын ғой. Солай 2 қабаттан түсіп келе жатсам, келін мені күтіп жүрген ғой. Маған сәлем салып жатса, "рақмет" деппін ғой. "Көп жаса" деу керек екен ғой. Үйде тәртіп күшті болып қалды. Келіншегіме "сіз" деп сөйлеп, ой айналайындар деген әңгіме айтып, шәйді тез-тез ішіп тұрып кетіп жүрміз. Бастан тақия тастамай, шорты киюді ұмыттық қазір", - деді ол.

Жүргізушілердің "үйде әзілдейсіз бе?" деген сұрағына жауап берді.

"Енді театр театрымен үйде әкемін ғой өздерің сияқты. Әке әке орнында, ана ана орнында болу керек деп есептеймін", - деді өнер иесі.