Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

”Әйеліне обал”: Хит әндерінің шығу тарихын айтқан Құрмаш Махан сынның астында қалды

Құрмаш Махан халық арасында кеңінен танымал “Аңсарым” әнінің шығу тарихын айтып берді.

”Әйеліне обал”: Хит әндерінің шығу тарихын айтқан Құрмаш Махан сынның астында қалды
фото: видеодан скриншот

Өнер иесі “Қызық Times” бағдарламасына берген сұхбатында “Аңсарым” әнін қосыла алмаған ғашығына арнап шығарғанын айтқан.

”Жан сырым” әнін бір қызға арнадым. Сосын ол қыз басқа кісіге тұрмысқа шықты. Мен басқа кісіге үйлендім. Арада 5 жыл өткенде сол кісі менің есіме түсіп, түсіме кіреді. Ертеңіне сол сәтке деген сағынышпен осы ән шықты. Ол әнге Назира Бердалы қарындасыма қолқа салып, өлең жаздырғанмын. “Ұнайды” деген ән “Аңсарым” әнінің жалғасы. Негізі бір кейіпкерге 9 ән жазылды. Сағыныштан туған әндер. Бір мюзикл түсіруге болады. Осы әндерден кино түсіреміз деп мені қорқытып жүрген режиссер, драматург достарым көп. Әзірге тек айтып жүр, бұйырса, көреміз”, — дейді ол.